281
Тараз қаласында терроризмге қарсы оқулар өтті
Тараз қаласында терроризмге қарсы оқулар өтті
Тараз қаласының полициясы терроризмге қарсы оқулар өтетінін хабарлап, сол себепті қала тұрғындарын алаңдамауға шақырды.
"Наурыз Антитеррор - 2017" оқуларының мақсаты - терроризммен күрес жөніндегі облыстық шұғыл штабының мүшелері мен оның шұғыл топтарының бірлескен жұмысын пысықтау", - делінген полиция хабарламасында.
Қазақстан қалалары мен елді-мекендерінде терроризмге қарсы оқулар 2016 жылы маусымда Ақтөбеде тіркелген оқиғадан соң жиі өткізілетін болды. Оқулар кезінде әдетте қоғамдық нысандарға барар жолдар жабылады.
Тараздағы сәрсенбілік оқулар кезінде полиция террористік шабуыл болды делінген жерге шұғыл топты жеткізу, жиналу, хабарлау жүйесінің жұмысын пысықтайды.