сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Демалыс күндері еліміздің бірқатар өңірінде 28 градусқа дейін аяз болады

/
istockphoto.com
1-2 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Мазмұны

    Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны әсерінен ауа райы бұлтты болады. Жауын-шашын қар, дымқыл қар және жаңбыр түрінде түседі. 

    Сондай-ақ қар жауып, боран соғады. Күшті жел тұрып, тұман түседі. 

    1 ақпанда еліміздің шығыс және оңтүстік-шығысында қатты қар жауады. Ал оңтүстік-батыс және оңтүстік аймақтарында антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

    Түнде еліміздің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында ауа температурасы -0-18 градус аралығынан  -15-28 градус аязға дейін көтеріледі. Ал күндіз солтүстік және солтүстік-батыста ауа температурасы -4 градус аяздан +2 градусқа дейін жылынады. 

    Шығыс пен орталық Қазақстанда күндіз ауа температурасы -0-11 градус шамасында болады. 

    Батыста минималды температура -8 градустан +2 градусқа дейін өзгереді. Максималды температура 0-10 градус болады. 

    Оңтүстікте түнде ауа температурасы -2-13 градус аралығында болады. Күндіз -2 градустан +7 градусқа дейін көтеріледі. 

    Оңтүстік-шығыста түнде температура -5-15 градусқа дейін төмендейді, таулы аудандарда бұл көрсеткіш -17-25 градусқа дейін жетуі мүмкін, ал күндіз ауа температурасы -0-7 градус аралығында болады.

    Бөлісу: