Әнші Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке қамалды
Оған қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзатын жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсті деген айып тағылды.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық түрде К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
Соттың мәліметінше, оған қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзатын жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсті деген айып тағылды.
«Сотпен К.-ның мас күйінде бола тұра, осындай әрекеттерді жасағаны анықталды.
Сотта К., оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін түсіндірді.
434-баптың 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 күннен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікті қарастырады.
Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ
Сонымен қатар, жауаптылықты ауырлататын мән-жай мас күйінде құқық бұзушылық жасау болып анықталды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде К.-ға ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды», – делінген хабарламада.