Қызылордада 2,5 ай бұрын жоғалып кеткен жігіт табылды

Ер адамның қарт анасы отбасын біріктірген полицейлерге алғыс айтты.

Қызылордада 2,5 ай бұрын жоғалып кеткен жігіт табылды
Polisia.kz
728

Қызылорда облысының полицейлері қала орталығында өздері тоқтатқан ер адамның жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ екенін анықтады, деп хабарлады turkystan.kz сайты.

ҚР ІІМ мәліметінше, тәртіп сақшылары оны тұрақты мекенжайы мен құжаттары жоқ адамдарды қабылдау-тарату орнына орналастырып, дереу жақын туыстарын іздеуге кіріскен. Оны Жамбыл облысының Қордай ауданында қарт ата-анасы іздеп жатқандығы белгілі болды.

Ер адамның қарт анасы отбасын біріктірген полицейлерге алғыс айтты.

Серіктес жаңалықтары