Бүгін ауа райы қандай болады?
Мазмұны
Қазгидромет синоптиктері 8 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Болжам бойынша, солтүстік антициклон еліміздің басым бөлігіндегі ауа райын анықтайды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында фронтальды бөлімдердің өтуімен аздаған қар жауады. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстік-батыста, орталықта жаяу бұрқасын, оңтүстікте — көктайғақ күтіледі, — делінген хабарламада.