Димаш Құдайберген мен Гун Лин ерекше вокалдық эксперимент ұсынды – қытай және қазақ тілдеріндегі екі әнді: «Феникс» және «Қараторғай» біріктіріп орындады
Мазмұны
15 ақпанда қытайлық BRTV телеарнасында Димаш Құдайберген мен қытайлық әнші Гун Лин қатысқан Singing for the Central Axis of Beijing жобасының шығарылымы эфирге шықты, деп хабарлады dimashnews.com.
Димаш Құдайберген мен Гун Лин ерекше вокалдық эксперимент ұсынды – қытай және қазақ тілдеріндегі екі әнді: «Феникс» және «Қараторғай» біріктіріп орындады.
Қазақтың дәстүрлі аспабы қобыз бен қытайдың шэн аспабының сүйемелдеуімен, тангу барабандарының ырғақты үні аясында әртістер өз елдерінің аңызға айналған оқиғаларын ән арқылы жеткізді.
Ежелгі қытай мәтіндері негізінде жазылған Гун Линның репертуарындағы қытайлық «Phoenix» әні император Феникстің өмірін баяндайды. Ал қазақтың «Қараторғай» әні тікелей аударғанда «қара торғай» деген мағынаны білдіреді. Алайда, шын мәнінде, «Қараторғай» әні – осы әннің авторы Ақан сері «Қараторғай» деп ат беріп, балапан кезінен асырап баққан бүркіт туралы.