Мазмұны
Алматы қаласында «Сергек» камералары жол ережелерінің тағы бір түрін бұзуды анықтайтын жаңа режимде жұмыс істей бастады, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жаңа бақылау жүйесі Сәтпаев көшесінің Достық даңғылынан бастап Уәлиханов көшесіне дейінгі оңтүстік және солтүстік бөліктерінде орналасқан камераларда іске қосылды. Бейнебақылау жүйелері тұрақ ережелерін бұзу, оның ішінде екінші қатарға тоқтау сияқты құқықбұзушылықтарды анықтайды.
Полиция департаменті жолдың жүру бөлігінде көлікті тек бір қатарға қоюға рұқсат етілгенін еске салды.
Кейбір жерлерде жол құрылымына байланысты басқа жағдайлар қарастырылуы мүмкін. Сонымен қатар, басқа көліктердің қозғалысына кедергі келтіретін орындарда тоқтауға қатаң тыйым салынады.
Мұндай ережелерді бұзу 10 АЕК немесе 39 мың теңге көлемінде айыппұл салуға әкеледі.