Ауа-райы құбылмалы, жауын-шашынсыз болады.
Мазмұны
Қазгидромет алдағы үш күн – 20-22 ақпанда Алматыда ауа-райының қандай болатынын хабарлады, деп жазады turkystan.kz.
20 ақпанда Алматыда ауа-райы құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Түнде, таңда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Секундына 0-5 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы болады.
21 ақпанда ауа-райы құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Түнде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 2-7 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы болады.
22 ақпанда ауа-райы құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан секундына 2-7 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы болады.