сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Зеленский қай кезде отставкаға кететінін айтты

/
Bbc

Мазмұны

    Украина президенті Владимир Зеленский егер әлем Украинаға бейбітшілік күн болатынына кепілдік берсе, тақтан бас тартуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

    Deutsche Welle Telergam-арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл туралы ел басшысы Киевте өткен баспасөз конференциясында айтқан.

    Билікте ондаған жылдар бойы отыратын ойым жоқ, - деп атап өтті Зеленский.

    Украина көшбасшысы сондай-ақ Вашингтонның сирек кездесетін ресурстар туралы келісімшарт жасасу талаптарын, Киевтің АҚШ-қа 500 млрд доллар эквивалент төлеу міндеттемесіне тоқталды.

    Серіктестеріме деген құрметпен біз 500 млрд доллар қарызды мойындамаймыз, - деп кесіп айтты Зеленский,

    Сондай-ақ ол Киевтің деректеріне сәйкес, сөз тек 100 млрд доллар көмек туралы болып отырғанын меңзеді.

    Одан бөлек, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденмен келісімшартқа сәйкес, Украинаға берілген көмек қарыз емес, грант ретінде жоғарыда аталған мөлшерде ұсынылған.

    Бөлісу: