Ол спорттық мансабын 2009 жылы аяқтаған
Мазмұны
Үш дүркін Олимпиада чемпионы, еркін күрес шебері Бувайсар Сайтиев 50 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Ресейдің спорттық күрес федерациясының президенті Михаил Мамиашвили хабарлады.
«Маған он минут бұрын қоңырау шалып, осындай қайғылы хабарды жеткізді. Сену мүмкін емес. Біз ертең бірге ұшуымыз керек еді», – деді Мамиашвили.
Сайтиев 1996, 2004 және 2008 жылдары өткен Олимпиада ойындарында (74 кг дейінгі салмақ дәрежесінде) жеңіске жеткен. Ол әлем және Еуропа чемпионаттарында алты реттен топ жарды. Тарихтағы ең үздік еркін күрес шеберлерінің бірі саналады. Спорттық мансабын 2009 жылы аяқтаған.
2016 жылы Сайтиев Ресей Мемлекеттік Думасының VII шақырылымының депутаты болып сайланды. Ол дене шынықтыру, спорт, туризм және жастар істері комитетінің мүшесі болды.