сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Алматы хайуанаттар бағы рекорд орнатты

/
Алматы әкімдігі
Бұл жаңа рекордқа хайуанаттар бағының артып келе жатқан танымалдығы себеп болған.

Мазмұны

    2024 жылы хайуанаттар бағы соңғы 37 жылда алғаш рет 1 097 236 қонақты қабылдап, рекорд орнатты. Бұл туралы Алматы әкімдігі мәлім етті. 

    Хайуанаттар бағында 361 түрден тұратын 3 838 жануар бар, оларға 223 маман күтім жасайды. Жалпы келушілердің 250 мыңы хайуанаттар бағына тегін кірді — олар 6 жасқа дейінгі балалар, көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер және мүмкіндігі шектеулі жандар.

    Билет бағасы қолжетімді болып қала береді: ересектерге — 800 тг, балаларға — 300 тг.

    Бұл жаңа рекордқа хайуанаттар бағының артып келе жатқан танымалдығы себеп болған.

    Алдағы жылдары хайуанаттар бағында ауқымды жаңғырту жұмыстары жоспарланған: реконструкция халықаралық стандартқа сәйкес кезең-кезеңімен жүргізіледі.

    Бөлісу: