сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Қар, боран және жел: Елімізде дауылды ескерту жарияланды

/
istockphoto.com
Ертең ауа райы қандай болады?

Мазмұны

    «Қазгидромет» елдің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады.

    Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында жауын-шашын күтіледі. Алматыда кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжануда.

    Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында қар жауып, төменгі боран күтіледі, ал солтүстігінде тұман болжануда. Солтүстік жел батысқа ауысып, батысында, оңтүстігінде және шығысында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

    Қостанай облысында батысы мен оңтүстігінде қар жауып, төменгі боран болады деп күтіледі. Солтүстігінде, батысында және шығысында тұман болжануда. Солтүстік-батыс желі күндіз батыста 15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай қаласында тұман күтіледі.

    Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында және таулы аймақтарында, күндіз солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар күтіледі. Солтүстігінде және таулы аудандарда көктайғақ болжануда. Солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыс желі кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда оңтүстік-батыс желі 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с дейін күшейеді.

    Маңғыстау облысының солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

    Ұлытау облысында түнде қар, күндіз шығысында қар жауады. Түнде облыс аумағында, күндіз солтүстігі мен шығысында төменгі боран күтіледі. Солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ болжануда.

    Жезқазғанда түнде қар жауып, төменгі боран күтіледі.

    Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман мен көктайғақ болжануда. Солтүстік-батыс желі түнде және таңертең орталықта 15-20 м/с дейін күшейеді. Қызылордада кей уақытта тұман мен көктайғақ күтіледі.

    Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында тұман болады. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

    Абай облысында жаңбыр мен қар жауып, боран және көктайғақ күтіледі. Оңтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын болжануда. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы түнде солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында 15-20 м/с, күндіз оңтүстігі, шығысы мен орталығында 23-28 м/с дейін жетеді.

    Семейде жаңбыр, қар, боран және көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады.

    Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, қар, боран және көктайғақ болжануда. Солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы түнде солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с, күндіз батысы, солтүстігі және оңтүстігінде 23-28 м/с дейін жетеді.

    Өскеменде жаңбыр, қар, боран және көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады.

    Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында төменгі боран және тұман болжануда. Батыс желі күндіз оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с дейін күшейеді.

    Ақмола облысында түнде қар мен төменгі боран, күндіз шығысында қар жауып, боран күтіледі. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болжануда. Солтүстік-батыс желі күндіз солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с дейін күшейеді.

    Көкшетауда тұман күтіледі.

    Астанада да тұман болжануда.

    Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аймақтарында жаңбыр мен қар күтіледі. Түнде оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман болжануда. Батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел солтүстігі мен таулы аймақтарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетеді.

    Шымкентте түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) және тұман күтіледі.

    Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында тұман болжануда. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел күндіз солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с дейін күшейеді.

    Оралда тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын желдің екпіні күндіз 18 м/с дейін жетеді.

    Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман болжануда. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Ақтөбеде де жолдарда көктайғақ болжануда.

    Бөлісу: