Мусин пара алу кезінде ұсталды

Мусин пара алу кезінде ұсталды

Мусин пара алу кезінде ұсталды
ашық дереккөзі
198
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Б.Мусин 400 мың теңге пара алу барысында ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қалалық департаменті ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Б.Мусиннің мемлекеттік сатып алуға қатысушылар мүддесін лоббилеу үшін жүйелі негізде пара алғандығын анықтады. Ағымдағы жылдың 31 наурызы күні Б.Мусин кәсіпкерден 400 мың теңге көлеміндегі параның кезекті бөлігін алу барысында ұсталып, Астана қалалық ІІД уақытша оқшаулағышына қамалды. Параның жалпы сомасы 1,4 млн. теңгені құрайды. Тергеу амалдары жалғасуда», - делінген Ұлттық бюро баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Серіктес жаңалықтары