сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Ертең бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

/
istockphoto.com
Ертең ауа райы қандай болады?

Мазмұны

    Қазгидромет синоптиктері 10 наурызда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады.

    Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

    Түркістан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

    Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта екпіні 15-20 м/с.

    Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.

    Қарағанды облысының шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, жолдарда көктайғақ.

    Қостанай облысында түнде облыстың солтүстік жартысында қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман.

    Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі.
    Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, жолдарда көктайғақ.

    Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі.

    Абай облысында қар, бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын күтіледі.

    Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

    Павлодар облысында күндіз қар күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.

    Астанада қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с.

    Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

    Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

    Бөлісу: