Мазмұны
Microsoft зерттеушілері жасанды интеллектті (ЖИ) дұрыс пайдаланбау адамның ойлау қабілетінің әлсіреуіне әкелуі мүмкін екенін анықтады. Бірақ бұған жол бермеуге болады.
Зерттеу барысында 319 маманның пікірі сарапталды. Нәтижесінде, жасанды интеллект (ЖИ) құралдарына деген жоғары сенім адамдардың жұмысына жұмсайтын зияткерлік күш-жігерін төмендететіні анықталды.
"ЖИ-ге деген сенімнің жоғары болуы сыни ойлауды азайтса, ал өзіне деген сенімнің жоғары болуы, керісінше, сыни ойлауды күшейтеді", – делінген зерттеуде.
Бұл шамадан тыс сенім адамдардың ЖИ қарапайым тапсырмаларды орындай алады деген түсінігіне негізделген.
Зерттеу қатысушыларының бірі мойындағандай: "Бұл – қарапайым тапсырма, мен ChatGPT оны қиындықсыз орындай алатынын білдім, сондықтан мен мүлдем ойланған жоқпын".
Ғалымдар кез келген ЖИ ұсынған ақпаратты қайта тексеруді ұсынады, тіпті жауап айқын көрінсе де тағы бір тексерген жөн.
Сондай-ақ, "Неге ЖИ осындай қорытындыға келді?" деген сұрақты өзіңізге де қою аса маңызды.
Мамандырдың айтуынша, нейрожеліге ойлау процесін кезең-кезеңімен түсіндіруді сұрау керек. Бұл тәсіл ЖИ-мен жұмыс істеуді тиімді етіп, ойлау қабілетін сақтауға көмектеседі.