Отандасымыз 1/8 финалда айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Мазмұны
Қазақстандық боксшы Жайна Шекербекова 2025 жылы Нис қаласында (Сербия) өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында 54 келі салмақта 1/8 финалда өнер көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Турнирдің бұл кезеңінде Шекербекова мексикалық Ариадна Джанет Гил Алонсомен кездесті. Нәтижесінде 5:0 есебімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті.
Осылайша, Жайна Шекербекова ширек финалға жолдама алды.