сейсенбі, 1 сәуір, 2025

"Басында маған ренжіді": Ресейлік шоумен 8 наурызға сүйіктісіне зираттан орын сыйлаған сыйлады

/
сурет: istockphoto.com

Мазмұны

    Ресейлік шоумен және музыкант Стас Барецкий Халықаралық әйелдер күніне ерекше сыйлық жасаған. Ол сүйіктісіне 8 наурызға зираттан орын сыйлаған.

    «Стастям» басылымына берген сұхбатында Барецкий бұл сыйлықтың әзіл емес, керісінше, практикалық маңызы бар екенін айтты.

    «Өткен жылы сүйіктіме 8 наурызға зираттан жер телімін сыйладым, өйткені мен Кәсіби жерлеу агенттері одағының президентімін және мұндай сыйлықты ұсынуға мүмкіндігім бар. Әрине, басында ол маған ренжіді, бірақ әзілге жақын адам болғандықтан, сыйлықты қабылдады», – деді ол.

    Шоуменнің айтуынша, ол мұндай сыйлықты жасауды жер телімдерінің бағасы үнемі өсіп келе жатқандықтан таңдаған.

    «Мен оған бұл жай ғана әзіл емес, болашақта пайда әкелетін инвестициялық сыйлық екенін түсіндірдім», – деп қосты Барецкий.

    Бұрын ол әйелдерге дәстүрлі сыйлықтар, парфюм секілді заттар сыйлағанын, бірақ соңғы уақытта ерекше әрі есте қаларлық сыйлықтар таңдауға тырысатынын айтты. 

    Бөлісу: