Мазмұны
2024 жылы немістің Volkswagen концерні 8,5 миллион шұжық сатып, рекорд жаңартты. Guardian мәліметінше, бұл көрсеткіш автокөлік сатылымына (9 миллион) жақындап қалған.
Volkswagen шұжығы – компанияның ерекше бренд өнімі. Өндіріс 1973 жылдан бері Вольфсбургтегі зауытта жасалып келеді. Алғашында бұл шұжық зауыт қызметкерлеріне арналып шығарылғанымен, уақыт өте келе Германиядағы супермаркеттерге де жеткізіле бастады. Қазір бұл шұжық "Volkswagen Currywurst" деген атаумен танымал.
Дегенмен рекордтық сатылымдарға қарамастан, Volkswagen қаржылық қиындықтарға тап болды. Компанияның жылдық пайдасы 15%-ға төмендеді. Сарапшылар бұл жағдайды электромобильдер нарығындағы бәсеңдеу мен өндіріс шығындарының артуымен байланыстырады.
Volkswagen басшылығы 2025 жылы нарықтық жағдайды тұрақтандыру үшін жаңа стратегия әзірлейтінін мәлімдеді. Оның ішінде электрокөліктер өндірісін оңтайландыру және жаңа технологияларға инвестиция салу жоспарланып отыр.