Депутаттың пікірінше, оның негізгі миссиясы – мемлекеттік билік пен азаматтық қоғамның консолидациясы.
Мазмұны
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Жанарбек Әшімжанов IV Ұлттық құрылтайға қатысып, байыпты басқосудың мәні мен маңызына қатысты пікір білдірді.
«Құрылтай – қазақ тарихында салмағы бар ұғымдардың бірі. Сонау ертеректе бабалар баталасқан осындай басқосулар өтетін еді. Сол игі дәстүр Тәуелсіздік дәуірінде заңды жалғасын тауып, саяси платформаға айналды. Ұлытау төрінен бастау алған Құрылтай, міне Бурабай төрінде жалғасып отыр. Оның негізгі миссиясы – мемлекеттік билік пен азаматтық қоғамның консолидациясы. Осы алаңда егемен ел ретіндегі стратегиялық бағыт-бағдарымыз, тұжырымдамаларымыз айқындалады», – деді депутат.