сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Амал мерекесі: Алматыдағы Көктөбеде әншілердің қатысуымен концерт өтеді

/
Алматы әкімдігі
Мереке құрметіне сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін аспалы жолмен жүру тегін болады.

Мазмұны

    Алматыда 14 наурыз күні «Көктөбе» саябағында Амал мерекесі – Көрісу күніне арналған театрландырылған концерт өтеді. Бұл іс-шара Наурызнама онкүндігінің басталуын білдіреді.

    «Көктөбедегі Амал күні» концерті сағат 11:00-де басталады. Көрермендерге Роза Рымбаева, Жанар Айжанова, «Жігіттер» тобы, Айгүл Қосанова және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері өнер көрсетеді.

    Мереке құрметіне сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін аспалы жолмен жүру тегін болады.

    14-25 наурыз аралығында Алматыда 100-ден астам іс-шара жоспарланған. Олардың қатарында көрмелер, спектакльдер, спорттық жарыстар және концерттер бар.

    Толық ақпаратты @almatymadeniet парақшасынан және әкімдіктің сайтынан табуға болады.

    Бөлісу: