Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісінде жазды
Мазмұны
Америкалық миллиардер Илон Маск Starship ғарыш кемесінің Марсқа ұшатынын жариялады.
Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісінде жазды.
“Starship Optimus-пен (гуманоид робот – ред.) бірге келесі жылдың соңында Марсқа аттанады. Егер сәтті қонса, адамдарды 2029 жылы немесе үлкен ықтималдықпен 2031 жылдан бастап жіберуіміз мүмкін”, – деп жазды Маск.