Жартылай финалда Никиша екінші болып мәре сызығын кесті
Мазмұны
Шорт-тректен Қазақстан құрамасының спортшысы Денис Никиша Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан әлем чемпионатының А финалына жолдама алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.
Жартылай финалда Никиша екінші болып мәре сызығын кесіп, канадалық Стивен Дюбуаға жол берді.
Осылайша, ол А финалына өтіп, әлем чемпионатының медалі үшін таласуға мүмкіндік алды.
Еске салайық, өткен жылы Никиша дәл осы қашықтықта әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын.