сейсенбі, 1 сәуір, 2025

16 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

/
istockphoto.com
Ертең ауа райы қандай болады?

Мазмұны

    Атлантикалық циклонның әсерінен еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

    Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның шығысы мен оңтүстігінде антициклон ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады.

    Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болуы мүмкін.

    Ақмола және Қостанай облыстарыныңбатысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр аралас қар жауады, көктайғақ күтіледі. Облыстардың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

    Солтүстік Қазақстан облысындатүнде жаңбыр аралас қар жауса, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады.

    Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы және Жетісу облыстарындатұман мен көктайғақ күтіледі.

    Астана қаласында 16 наурызда жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болжануда. Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы күндіз 15-18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

    Бөлісу: