Мазмұны
«Қазгидромет» синоптиктері 16 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Мәлімет бойынша, атлантикалық циклон және фронталды бөліктер арқылы еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады.
Елдің шығысында, оңтүстігінде антициклон сілемі күннің жауын-шашынсыз болуына ықпал етеді. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады.
Атап айтқанда, Астанада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жолдарда көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман тседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Қостанай облысында түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ болып, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Алматы облысының орталығында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түсед. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр). Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарында түнде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында күші 15-20, екпіні 25 м/с.