сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Александр Бублик АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

/
ҚТФ
Финалға шығу арқылы ол 22 650 доллар сыйақы және 90 рейтингтік ұпай иеленді

Мазмұны

    16 наурыз күні Александр Бублик Финиксте өткен ATP 175 Challenger турнирінің финалына шықты.

    Жартылай финалда қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингте 82-орында тұрған Бублик өткен жылдың чемпионы, әлемнің 36-ракеткасы португалиялық Нуно Боржешті 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Қарсыластар кортта 65 минут өткізді.

    Финалға шығу арқылы 27 жастағы Александр Бублик 22 650 доллар сыйақы және 90 рейтингтік ұпай иеленді.

    Дүйсенбі күні ол АТР рейтингінде кем дегенде үш орынға көтеріледі. Ал Финикестегі турнирдің финалында Александр Бублик бразилиялық теннисші Жоао Фонсекамен ойнайды.

    Бөлісу: