Өрт болған сәтте түнгі клуб ішінде адамдар көп болған
Мазмұны
Солтүстік Македонияның Кочани қаласында түнгі клубтағы өрт салдарынан кемінде 50 адам қаза тапты.
A1on порталының мәліметінше, оқиға 2025 жылдың 16 наурызына қараған түні болған.
“Кочанидегі дискотекада танымал топтың концерті кезінде өрт шығып, кемінде 50 адам көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына пиротехника себеп болуы мүмкін”, – делінген хабарламада.
Ақпарат көзінің мәліметінше, өрт болған сәтте түнгі клуб ішінде адамдар көп болған. Жергілікті ауруханалар жарақат алғандарды қабылдауда қиындықтарға тап болып, кейбір науқастар басқа қалаларға жіберілген.
Оқиға орнында Солтүстік Македонияның ішкі істер министрі Панче Тошковский жүр, сондай-ақ елдің премьер-министрі Христиан Мицкоский де сол жаққа бара жатыр.