сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Әлем чемпионаты: Қазақстандық төрт боксшыға 10 мың доллардан берілді

/
Видеодан алынған кадр
Жүлдеге ие болған спортшылар: Жайна Шекербекова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Жасмин Кизатова (66 кг) және Надежда Рябец (75 кг)

Мазмұны

    Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 1/4 финалға дейін жеткен қазақстандық төрт боксшы ақшалай сыйақыға ие болды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады.

    Жүлдеге ие болған спортшылар: Жайна Шекербекова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Жасмин Кизатова (66 кг) және Надежда Рябец (75 кг).

    Оларға 10 мың доллар көлемінде сыйақы берілді.

    Жарыс ережесіне сәйкес, әлем чемпионы болғанға – 100 мың, екінші орынға – 50 мың, үшінші орынға – 25 мың доллар беріледі.

    Бүгін, 16 наурызда қазақстандық боксшылар арасынан финалда Назым Қызайбай (48 кг), Алуа Балқыбекова (50 кг), Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг) және Елдана Тәліпова (81 кг-нан жоғары) чемпиондық атақ үшін сынға түседі.

    Бөлісу: