сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Қытайда оқу-жаттығу кезінде әскери ұшақ апатқа ұшырады

/
Gray tactics
Апат салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ

Мазмұны

    Қытайдың оңтүстігінде әскери оқу-жаттығу кезінде жойғыш ұшақ апатқа ұшырады.

    Baq.kz сайтының мәліметінше, әуе кемесі Хайнань провинциясының Лингао округіндегі қала маңындағы ашық алаңға құлаған.

    Апат салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Ұшқыш парашютпен секіріп, аман қалған.

    Желіде тараған бейнежазбаға сүйенсек, апатқа ұшыраған әуе кемесі Қытай Халық азаттық армиясының J-15 жойғыш ұшағы болуы мүмкін.

    ҚХАА-ның оңтүстік әскери-теңіз күштері қолбасшылығы оқиғаның себептері анықталып жатқанын хабарлады.

    Бөлісу: