сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Мемлекет басшысы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады

/
Richard Pelham/Getty Images
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Мазмұны

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

    Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік!

    Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін, – деп жазды Президент Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.

    Бөлісу: