сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Омбыда туған қазақ қызы бокстан әлем чемпионы атанды

/
Фото: IBA
Салтанат осыған дейін Ресей чемпионатында үш рет топ жарып, өткен жылы БРИКС ойындарында да үздік шыққан еді.

Мазмұны

    Омбыда туып-өскен қазақ қызы, Ресей құрамасының мүшесі Салтанат Меденова Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасында өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.

    Спортшы 81 келіге дейінгі салмақта түркиялық Исильдар Бусрамен шеберлік байқасты.

    Бірінші раундта бес төрешінің үшеуі Салтанат басым деп тапты. Екінші кезеңде С.Меденова алға ұмтылып, жұдырық сілтеуді үстемелетті – 4:1. Қорытынды есеп те – 4:1. Осылайша, С.Меденова әлем чемпионатындағы алғашқы алтынына қол жеткізді. 

    Салтанат осыған дейін Ресей чемпионатында үш рет топ жарып, өткен жылы БРИКС ойындарында да үздік шыққан еді.

    Айта кетейік, ал Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінде үш алтын медаль жеңіп алды. Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі) және Аида Әбікеева (63 келі) алтыннан алқа тақса, Виктория Графеева (60 келі) екінші, Наталья Богданова (70 келі) үшінші нәтиже көрсеткен болатын.

    Бөлісу: