сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Алматыда тағы бір әйел тұрғын үйдің терезесінен секірмек болған

/
сурет ашық дереккөзден алынды
Оқиға 2025 жылғы 16 наурызда сағат 13:30 шамасында Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Мазмұны

    Алматыда әскери  қызметші төртінші қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

    Келіншекті құтқарып қалған ҚР ІІМ Ұлттық ұланының офицері капитан Аманғали Еменов.

    Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2025 жылғы 16 наурызда сағат 13:30 шамасында Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.

    Әскери қызметкер сол маңнан кездейсоқ өтіп бара жатып, жоғарыға алаңдай қарап тұрған адамдардың тобын байқайды.

    Сол сәтте оқиға орнында полиция қызметкерлері де болып, әйелді өз әрекетінен бас тартуға көндірмек болған.

    “Ол арқанды пайдаланып, жоғарғы қабаттан төменге түсіп, көрші пәтердің терезесі арқылы ішке енді. Кейін қонақ бөлмеге өтіп, әйелге жүгіріп барып, оны қауіпсіз жерге алып шықты. Әскери қызметкер мен полиция қызметкерлерінің жедел әрі шебер әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алынды”, – деп мәлімдеді ведомство.

    Бөлісу: