сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Александр Бублик АҚШ-тағы жарыстың финалында есе жіберді

/
Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші бразилиялық Жоао Фонсекамен кездесті.

Мазмұны

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 82-ракеткасы Александр Бублик Финикс (АҚШ) челленджер турнирінің финалында ойнады, деп хабарлады turkystan.kz.

    Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы жариялады.

    Қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде әлемдік рейтингіде өзінен екі саты жоғары тұрған 18 жастағы бразилиялық Жоао Фонсекамен кездесті.

    Екі партия да тай-брейкте Фонсеканың пайдасына аяқталды – 7:6 (7:5), 7:6 (7:0).

    Бір сағат 46 минутқа созылған тартысты матчта Бублик 15 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды

    Бөлісу: