Туынды тек тергеу жайлы емес, сонымен қатар әлеуметтік желілердің ықпалы, жасөспірім психологиясы мен әлеуметтік теңсіздік мәселелерін де көтереді.
Мазмұны
Netflix «Жасөспірім шақ» ("Adolescense") мини-сериалын көрерменге ұсынды. Көптеген сыншы оған Netflix тарихындағы ең үздік драма деп баға берді.
Төрт сағаттық эпизодтан тұратын бұл драма бір кадрда, монтажсыз түсірілген. Актерлер сахналық қойылым секілді үздіксіз бір сағат бойы ойнайды.
Сериалдың сюжеті 13 жастағы Джейми есімді жасөспірімнің оқиғасына негізделген. Оны сыныптасының өліміне кінәлі деп айыптайды. Туынды тек қылмысты тергеу жайлы емес, сонымен қатар әлеуметтік желілердің ықпалы, жасөспірім психологиясы мен әлеуметтік теңсіздік мәселелерін де көтереді.
Жобаның рейтингі рекордтық көрсеткішке жетті: IMDb-де – 8,4, Rotten Tomatoes-та – 100%. Көптеген сыншылар оны Netflix тарихындағы ең үздік драма деп бағалап, алдағы марапаттар маусымында бірнеше жүлдеге үміткер болатынын болжауда.