Қаза тапқандар бар.
Мазмұны
Швейцарияның оңтүсік-шығысындағы Альпі тауларының баурайында шағын ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ Данияға бағыт алған. Extra EA-400 әуе кемесі Самедан ауылынан ұшып шыққан. Апат ұшақ көкке көтерілгеннен кейін, екі минуттан соң Ла-Пунт-Чамуэшч ауылының маңында болған. Ұшақ толықтай өртеніп кетті.
Қаза тапқандардың аты-жөні әлі анықталған жоқ. Ұшақ апатының себебі әзірге белгісіз.