сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Каратэші қыздар Қытайда үш жүлде жеңіп алды

/
Olympic.kz
Бұл жарысқа әлемдік рейтингтің алдыңғы қатарында тұрған 32 спортшы ғана қатысты.

Мазмұны

    Қытайдың Ханджоу қаласында каратеден премьер-лига жарысында Қазақстан құрамасы үш жүлде жеңіп алды.

    Премьер лига турнирі WKF түрі бойынша олимпиадалық бағытта өтті. Бұл жарысқа әлемдік рейтингтің алдыңғы қатарында тұрған 32 спортшы ғана қатысты.

    Ханджоудағы бәсекеде Қазақстан құрамасы арулары үш жүлде жеңіп алды. 50 келі салмақта Мөлдір Жаңбырбай күміс жүлдеге ие болды. Отандасымыз финалда алжирлік Силия Уикенмен тең түскен еді. Алайда ереже бойынша жеңіс бірінші ұпай алған спортшыға берілді.

    Құрама сапындағы спортшыларымыз тағы екі қола медаль жеңіп алды. 61 келі салмақта Әсел Қанай мен +68 келіде Софья Берульцева үздік үштіктен көрінді.

    Бөлісу: