Ел депутаттарының пікірінше, бұл шара елдегі қаңғыбас ит-мысық мәселесін шешуге көмектеседі.
Мазмұны
Ресей Мемлекеттік Думасында үй жануарларын асырайтын зейнеткерлерге 20 мың рубль көлемінде ай сайынғы жәрдемақы төлеу ұсынысы қарастырылып жатыр. Депутаттардың пікірінше, бұл шара елдегі қаңғыбас жануарлар мәселесін шешуге көмектеседі.
Бұл бастаманы Мемлекеттік Дума депутаты Владимир Кошелев көтерді. Оның айтуынша, жалғызбасты зейнеткерлер асырайтын үй жануарларына арнайы жәрдемақы бөлу қажет.
Ол қаңғыбас жануарлардың санын азайтудың тиімді жолы – оларды жалғызбасты зейнеткерлерге беру екенін атап өтті.
"ЛДПР-дың бастамасын талқылайық: жалғыз тұратын зейнеткерлердің асырауындағы үй жануарларына жәрдемақы төлеу қажет. Әрине, бұл бірнеше ондаған ит пен мысықты бір пәтерде ұстауға рұқсат беру дегенді білдірмейді", – деді депутат.
Кошелевтің мәліметінше, 2024 жылы Ресейде агрессивті жануарлардың шабуылынан 237 мың адам зардап шеккен.