Алайда ол ешқандай міндетін өзі орындамайды: барлық жұмысты оған арзан бағаға келісімшарт арқылы жұмыс істейтін Үндістан мен Пәкістанның 7 маманы атқарады.
Мазмұны
АҚШ-та IT-маман бірден 9 компанияда «жұмыс істеп», жылына 800 мың доллар табатыны анықталды. Алайда ол ешқандай міндетін өзі орындамайды: барлық жұмысты оған арзан бағаға келісімшарт арқылы жұмыс істейтін Үндістан мен Пәкістанның 7 маманы атқарады.
Бұл схема өте шебер құрылған: бір адам оған жаңа бос орындарды тауып береді, екіншісі сұхбаттан өтеді, үшіншісі жиналыстарға қатысып, өзін IT-маман ретінде көрсетеді, ал қалғандары код жазып, жобаларды уақытында аяқтайды.
Маман осылайша кейінгі 5 жыл бойы ешкімге байқатпай "жұмыс істеп" келген. Ол әлі де жаңа «жұмыстарға» орналасуды жалғастыруда.