Отандасымыз әлемнің 13-ракеткасымен кездеседі.
Мазмұны
Қазақстанның бірінші, әлемнің 80-ракеткасы Александр Бублик Майами (АҚШ) мастерс турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 36-ракеткасы, аргентиналық Себастьян Баэспен өткізді.
Қарсыласының ATP рейтингісінде жоғары тұрғанына қарамастан, Бублик сәтті ойнай білді. Есеп — 6:3, 6:4.
Александр Бублик үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, америкалық Томми Полмен шеберлік байқастырады.