Актер желі қолданушыларын ойландырып қойды.
Мазмұны
Азамат Сатыбалды әлеуметтік желіде түрлі тәмсілді мысал еткен астарлы мәтіндерді жиі жариялап жүр, деп жазды turkystan.kz.
«Ит үреді, керуен көшеді» деген мақал мотивация береді. Керуеннің сақ жүріп, анық басып және мақсатына жылдам әрі аман жетуіне, үретін иттердің әсері бар. Олар үрген сайын сен қозғалыста боласың. Демек, жан жағыңнан шәуілдеп иттер үріп жатса, қуану керек. Себебі сен рухани бай, мақсаты анық және арманы биік адамсың. Нұрға толы жан ғана жарқырайды. Сол жарқыл көздің жауын алады. Бұл заңдылық. Сондықтан үретіндерден емес, жүретіндердің қатарынан болған абзал. Үнемі қозғалыс керек. Әрекетте берекет бар», - деп жазды актер.
Еске салайық, бұған дейін Азамат Сатыбалдының жаңа медальмен марапатталғаны туралы жазған едік.