Этностильде безендірілген пойыздар наурыз айының соңына дейін қатынайды
Мазмұны
Мереке күндері Алматы вокзалынан ұлттық нақышта безендірілген «Алматы – Астана» бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызы салтанатты түрде жолға шықты.
Жолаушыларды ұлттық киім киген жолсеріктер қарсы алды. Сондай-ақ музыкалық бағдарлама ұсынылып, жолаушыларға наурыз көже мен бауырсақ тарту етілді.
Этностильде безендірілген пойыздар наурыз айының соңына дейін қатынайды.