сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Астана – Қарағанды бағытындағы жолаушылар пойызынан өрт шықты

/
t.me/PR_KTZh
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр

Мазмұны

    Астана мен Қарағанды арасындағы теміржол учаскесінде жолаушылар пойызынан өрт шықты. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

    Оқиға 22 наурыз күні сағат 11:13-те Астана – Қарағанды-Сортировочная теміржол учаскесінде болған. Өрт «Турксиб Астана» жекеменшік тасымалдаушысына тиесілі №44 жолаушылар пойызында басталған.

    Төтенше жағдай кезінде отқа оранған вагон жедел түрде құрамнан ажыратылып, Астана станциясынан өрт сөндіру пойызы жіберілді. Өртті теміржол қызметкерлері мен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары сөндірді.

    Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Құзырлы органдар өрттің себептерін анықтауға кірісті.

    Бөлісу: