сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

/
ТЖМ
Министрлік ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды және мұзға шығудың қаупі туралы түсіндіруді ескертеді

Мазмұны

    ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды су айдындарындағы мұзға шықпауға шақырды.

    Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, ауа температурасының көтерілуіне байланысты мұз қабаты жұқарып, адам өміріне қауіп төндіруде. Жарықтар мен ойықтар пайда болып, мұз астына түсіп кету қаупі артып отыр.

    “Осыған байланысты ТЖМ тұрғындарға мұзға, соның ішінде балық аулау үшін шығудан бас тартуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді. Сондай-ақ кез келген көлікпен мұз үстімен жүруге тыйым салынады,” — делінген хабарламада.

    Министрлік ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды және мұзға шығудың қаупі туралы түсіндіруді ескертеді.

    Бөлісу: