Мазмұны
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының жаңа іріктеу циклін Уэльс құрамасына қарсы матчпен бастайды. Ойын Англияның Кардифф қаласындағы “Кардифф Сити” стадионында өтеді.
Қазақстан мен Уэльс арасындағы матч 22 наурыздан 23 наурызға қараған түні, сағат 00:45-те (Астана уақыты бойынша) басталады. Бұл кездесу Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Әли Әлиев үшін алғашқы ресми матч болмақ.
Матчтың тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында көрсетіледі.
Қазақстан құрамасы бас бапкер Әли Әлиевтің жетекшілігімен Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізді. Жаттығу барысында команда жабық жолдастық кездесуде Кюрасао құрамасын 2:0 есебімен жеңді.
Алайда алдағы матчта жарақаттарына байланысты бірнеше негізгі ойыншы алаңға шыға алмайды: жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов, шабуылшы Рамазан Каримов, қорғаушылар Роман Асранқұлов пен Әлібек Қасым. Соған қарамастан, құрамға бірқатар болашағы зор футболшылар шақырылды, олардың қатарында 16 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев та бар.
Қазақстан құрамасы өз тарихында Уэльспен бұрын-соңды кездеспеген.
Келесі матчта Қазақстан 25-26 наурызға қараған түні Лихтенштейнге қарсы ойнайды. Қазақстанның іріктеу тобында Бельгия, Солтүстік Македония, Уэльс және Лихтенштейн құрамалары бар.