сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Алматы көшелерінде ұлттық киім киген роботтар жүр

/
қала әкімдігі
Фестиваль 22:00-ге дейін жалғасып, музыкалық топтар мен диджейлердің өнер көрсетуімен аяқталады

Мазмұны

    Алматыда өтіп жатқан Nauryz Almaty Vibe фестивалі ұлттық дәстүрлер мен заманауи технологияларды біріктіріп, ерекше шараларға толы, деп хабарлады қала әкімдігіне сілтеме жасап.

    Фестивальдің басты жұлдыздары – шапан мен тақия киген гуманоидтық роботтар. Олар жаяу жүргіншілер көшесінде қонақтарды қарсы алып, суретке түсіп, тіпті би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлауда.

    Сонымен қатар келушілер қайта өңделген материалдардан жасалған стационарлық роботтарды, робот-официанттарды, аспазшылар мен баристаларды көре алады. Ақылды машиналар бауырсақ пісіріп, кофе дайындап, тапсырыстарды таратады.

    Фестиваль аймағының орталық бөлігі – LED-экрандармен жабдықталған кинетикалық туннель, онда қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен адам бейнелері ауысып тұрады. Қонақтар үшін VR-аттракциондар, садақ ату алаңы, жасанды интеллект фотозоналары және интерактивті "Ой-Думан" шоуы ұйымдастырылған. Виртуалды аватар Ғалымжанкелушілердің сұрақтарына жауап беріп, фестивальдің бағдарламасы туралы ақпарат береді.

    Фестиваль 22:00-ге дейін жалғасып, музыкалық топтар мен диджейлердің өнер көрсетуімен аяқталады.

    Бөлісу: