Бұл жаһандық бастама климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аударуға бағытталған
Мазмұны
Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі азаматтарды 22 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін жарықты сөндіруге шақырды.
Министрліктің мәліметінше, бұл жаһандық бастама климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аударуға бағытталған.
“22 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл әлем бойынша “Жер сағаты” халықаралық экологиялық акциясы өтеді. Ұйымдар мен кәсіпорындарға осы бастамаға қосылып, ғимараттардың сыртқы жарықтандыруын (архитектуралық және декоративтік жарық) уақытша өшіру ұсынылады,” – делінген министрлік хабарламасында.