сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Гимнасшы Нариман Құрбанов әлем кубогі кезеңінде жеңімпаз атанды

/
olympic.kz
Отандастарымыз ат снарядындағы финалда сәтті өнер көрсетті

Мазмұны

    Қазақстандық гимнастар Антальядағы (Түркия) әлем кубогі кезеңінде екі медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

    Отандастарымыз ат снарядындағы финалда сәтті өнер көрсетті.

    Нариман Құрбанов бұл бағдарламада 14,634 ұпай жинап, жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына көтерілді. Айта кетейік, бұл гимнасшы Париж Олимпиадасынан кейін алғаш рет халықаралық жарысқа қатысты.

    Зейнолла Ыдырысов 14,300 ұпаймен екінші орынға ие болды.

    Үшінші орынға Ахмад Абу Әл Сауд (Иордания) – 14,200 ұпаймен тұрақтады.

    Бөлісу: