Мазмұны
Наурыз мерекесін тойлау кезінде Жамбыл облысы, Қызылшаруа ауылында үріккен ат сахна маңында отырған адамдарға қарай жүгіріп кетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Tengrinews.kz мәліметінше, оқиғаға қатысты Рысқұлов ауданы әкімдігі пікір білдірді.
“22 наурызда Т. Рысқұлов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің Қызылшаруа ауылында Наурыз мерекесіне арналған шара барысында, театрландырылған қойылым кезінде ат үркіп, көрерменге қарай шауып кеткен”, – делінген әкімдік хабарламасында.
Жергілікті биліктің мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, мерекелік шара өз жалғасын тапқан.
Осы арада әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы тарады. Instagram-дағы жазбалардың бірінде оқиға Маңғыстау облысында болғаны айтылған. Алайда бұл жағдайдың шын мәнінде Жамбыл облысында болғанын анықтады.
Видеода аттың шабандоздың бақылауынан шығып, көрерменге қарай шапқаны көрінеді. Ол отырған адамдардың арасымен өтіп, бірнеше адамды құлатқан. Кадрларда ересектердің айқайы мен балалардың жылаған дауысы естіледі. Ат қағып кеткен адамдар жерде жатқан, ал үріккен жылқы ары қарай шауып кеткен.