23 наурызға арналған ауа райы болжамы
Мазмұны
Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман, қар жауып, жел соғатынын, сол сияқты жекелеген өңірлерде су тасқыны болуы мүмкін екенін болжады. Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды.
Астанада көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының өзендерінде су деңгейі жоғарылауы мүмкін, соның салдарынан еріген су жолдарды, елді мекендерді, тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарды басып қалуы мүмкін.
Жамбыл облысында жаңбыр жауып, жел соғады.
Жетісу облысында жел болады.
Қарағанды облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі.
Атырау, Маңғыстау облыстарында жаңбыр жауады.
Ақтөбе, Қызылорда облыстарында тұман, жел күтіледі.
Ақмола облысында тұман, көктайғақ, жел болады.
Түркістан, Алматы облыстарында найзағай ойнап, жел соғады.
Павлодар облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман, жел болады.
Абай облысында жауын-шашын (негізінен жаңбыр), көктайғақ, тұман күтіледі.