Бала ешқандай зардап шекпеген
Мазмұны
Наурыз мерекесіне арналған шара барысында полиция қызметкерлері жоғалып кеткен 4 жасар баланы тауып алды, деп хабарлады Абай облысының полиция департаменті.
Полиция сержанты Архат Фархатұлы мереке өтіп жатқан жерде қызмет атқарып жүріп, халықтың арасында адасып кеткен баланы байқайды. Адамдардың көптігі мен айналадағы шуға қарамастан, ол бей-жай қарамай, жағдайды бірден бақылауға алды.
Полицейлер баланың туыстарын тауып, оны отбасына табыстады. Бала ешқандай зардап шекпеген және өзін жақсы сезінді. Ата-анасы жедел әрекет етіп, іздеуге көмектескені үшін полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.