сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Алматы облысында қар көшкіні тіркелді

/
istockphoto.com
Құзырлы органдар тұрғындар мен туристерге таулы аймақтарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады

Мазмұны

    Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында қар көшкіні жүрді.

    Оқиға 23 наурыз 2025 жылы таңғы сағат 08:00 шамасында болған. Қалың қар «Түрген – Батан» облыстық маңызы бар автожолының 23-24 шақырымына түскен.

    Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) мәліметінше, көшкіннің түсуіне таудағы қар жамылғысының тұрақсыздығы мен жиналған қар көлемінің көптігі себеп болған. Қазіргі уақытта қар көшкіні көлемі нақтыланып жатыр. Оқиға орнына «Қазселденқорғау» және ТЖД мамандары жіберілді.

    Мамандар 2024 жылдың 15 қарашасынан 2025 жылдың 31 наурызына дейін «Түрген – Батан – Асы обсерваториясы» бағытындағы жолдың 15-41 шақырымы көлік қозғалысына жабық екенін еске салды.

    Құзырлы органдар тұрғындар мен туристерге таулы аймақтарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

    Бөлісу: